2018 жылғы «24» мамыр - Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру
Ақтөбе облысы Ақтөбеқаласы Маресьев көшесі 80/2-үйдеорналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылғатегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:
медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:
стационарды алмастыратын медициналық көмек(гемодиализ бен перитонеалдық диализ қызметтері);
мынадай медициналық көмектің түрлері бойынша:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
мамандандырылған медициналық көмекбойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.
Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан РеспубликасыныңАқтөбе облысы аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.
Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына жұмыс кұндері Ақтөбе облысы Ақтөбеқаласы Маресьев көшесі 80/2-үйдеұсынады.
Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы«24» мамыр 9 сағат 00 минут.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «30» мамыр сағат 18:30 минутқа дейін.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8(7132)972319; 8(702)5314265,8(702)2354255.
Ескертпе:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы№ 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияға өндірістік базаның орналасқан жері бойынша жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін қоспағанда ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді.
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Ақтөбеоблысының денсаулық сақтау басқармасының (www.densaulyk.aktobe.gov.kz ) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.