Жаналыктар

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің ұйымдастыруымен және де Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының қатысуымен Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 15 мамыр 2018 жылы облыстағы медицина қызметкерлеріне денсаулық сақтау саласындағы стандартталған мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігі. Стандартталған мемлекет көрсетілуін электрондық форматта енгізілуі және де кеңейтілуі туралы семинар –кеңес өткізілді.
Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен - 192, соның ішінде мемлекеттік қызметтің 18- і медицина саласында көрсетіледі. Тоқтала кетсек, 5- қызмет көрсетілуі облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, ал 13 қызмет медициналық ұйымдармен көрсетілуде, яғни бұл медицина саласында барлық стандартталған мемлекеттік қызмет көрсетілуі 75- пайызды құрайды.
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтердің 18 стандарт түрі көрсетіледі, олардың үшеуін электрондық үкімет арқылы электронды түрде алуға болады. Олар дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру, медициналық санитарлық алғашқы көмек көрсетететін медициналық ұйымға бекіту.
Бұдан басқа, облыстың медициналық ұйымдарына енгізілген «Даму-Мед» ақпараттық жүйесі осы қызметтерді ұялы телефонның мобильді қосымшалары арқылы алуға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда облыстық көшпелі семинар- кеңес өте жемісті болды. Болашаққа арналған жоспарлар белгіленді, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және оларды электрондық форматта беруге бағытталған міндеттер қойылды.