« Ардагерлер денсаулығы дәрігерлер назарында »

Ұрпақтың бақытты болашағы мен бейбіт өмір сүруі үшін шайқасқан ҰОС ардагерлеріне жыл сайын тұрақты түрде №6 қалалық  емхана әкімшілігі тарапынан мамандандырылған медициналық және әлеуметтік көмек көрсетіліп келеді. Айта кетсек емхана әкімшілігі тарапынан 2016 жылы -75 және 2017 -44 соғыс ардагеріне әлеуметтік медициналық көмек көрсетілді.
Сол дәстүрді жалғастыра отыра 2018 жылдың 20  сәуір айынан бастап 9-Мамыр Жеңіс күніне орай №6 Қалалық емхана дәрігерлері 30 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің үйлеріне барып құттықтады. Дәрігерлер бригадасы күніне 7 үйді аралап, ардагерлердің қан құрамындағы қант, холестерин деңгейін өлшеп, экг апаратына түсірумен қатар кардиолог, невропатолог, хирург, жалпы тәжірибедегі дәрігер ардагерлердің шағымын тыңдап, дәрігерлік кеңестерін берді. Сонымен бірге емхана әкімшілігінің ұйымдастыруымен 30 ардагерлерімізге қажетті дәрі-дәрмектер салынған  пакеттер таратылды, 1 ардагерге протез салынып, 10 ардагерге көз әйнек жасалып берілді. Шараның жалғасы ретінде 5 мамыр күні №6 қалалық емхананың клиника-диагностикалық бөлімінде 9 мамыр  жеңіс күніне ұштастырылған «Ардагерлер денсаулығы дәрігерлер назарында» девизімен «Ашық есік күні» өткізілді. Ашық есік күнге барлығы -56 адам қатысты, терапевт -56 адам, хирург - 13, лор -21,  М.Оспанов атындағы БҚММУ-ның медициналық орталығының онкогинекологы Ж.Сатенова-21 адам, онкомаммолог Д.Жармухамбетова-18, 3 қалалық емхана офтальмологы  Г.Талпакова -31-қабылдады.
Майданда жүріп Отан алдындағы борышын өтеп келген  ардагерлеріміз соғыс жылдарында басынан кешкен оқиғалары жайында еске түсіріп, көздеріне жас алып, әрі қуанып  дәрігерлерге ризашылықпен, баталарын берді.