Жаналыктар

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Сау дәрігер – сау пациент» атты ұранымен 3 мамыр және 3 маусым аралығында Медицина қызметкерлері күніне орайластырылған медицина қызметкерлерінің республикалық спартакиадасы өткізіледі.
Дене белсенділігі – адамның басты қызметтерінің бірі. Бұл өмір бойғы денсаулықтың маңызды іргетасы. Денсаулық үшін дене белсенділігінің белгілі пайдалы тиімділігіне жүрек-қантамыр ауруы, гипертензия, қант диабеті мен обырдың кейбір түрлерінің қаупін төмендету жатады, сондай-ақ кешенді жүргізген кезде кейбір созылмалы жағдайларға пайдалы.
Мақсаты – медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңызы туралы ақпарат беруді арттыру, дене белсенділігімен айналысуға медицина қауымын жұмылдыру, медицина қызметкерлерінің өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін, соның ішінде МӘМС-ті енгізу шеңберінде қалыптастыру және халық арасында насихаттау.
Міндеттер:
1. ДДҰ – ның ұсынымдарын ескере отырып, дене белсенділігі арқылы медицина қызметкерлерінің денсаулығын нығайту.
2. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау арқылы белсенді өмір салтын ілгерелету.
Спартакиада 21 емдік – профилатикалық мекемелер арасында спорттың 5 түрі бойынша өткізіледі: жеңіл атлетика; тоғызкұмалақ, шахмат, дойбы; шағын-футбол; волейбол; теннис.
- Жеңіл атлетикадан жарыс 3 мамыр күні сағат 10.00 ерлер үшін 1000 м, ал әйелдер үшін 500 м. арақашықтықта өткізіледі.
- 9.05.2018 ж - тоғыз құмалақ, шахмат, дойбы (Денсаулық саябағы)
- 11.05.2018– үстел теннисі (ШВСМ стадион «Химик»)
- 15-17.05.2018– шағын футбол (Денсаулық саябағы)
- 21-25.05.2018– волейбол (ОБЖСМ №2).