Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъек

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы Маресьев көшесі 80/2 каб.№3 орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:
медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:
консультациялық-диагностикалық көмек, туберкулезбен, психикалық бұзылушылықпен (аурулары), алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарға және ЖИТС науқастарына;
стационарлық медициналық көмек, оның ішінде туберкулезбен, психикалық бұзылушылықпен (аурулары), алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарға және ЖИТС науқастарына;
стационарды алмастыратын медициналық көмек, оның ішінде туберкулезбен, психикалық бұзылушылықпен (аурулары), алкоголизммен, нашақорлықпен, АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарға және ЖИТС науқастарына;
медициналық көмектің түрлері бойынша:
дәрігерге дейінгі медициналық көмек;
білікті медициналық көмек;
мамандандырылған медициналық көмек;
медициналық-әлеуметтік көмек.
Көрсетілген медициналық қызметтер Ақтөбе облысының аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.
Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалына Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы Маресьев көшесі 80/2 -үйде № 3 -кабинетіне ұсынады.
Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы«28» сәуір 9 сағат 00 минут.
Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «15» мамыр18 сағат 30 минутқа дейін.
Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7132) 972319 ; +7(702)5314265, +8(702)2354255.
Ескертпе:
Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының (www. densaulyk.aktobe.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.