Жаналыктар

Емхана дәрігерлері В.Б.Абдулова, А.К.Султанбекова «Ақтөбе автожол колледжі» ұстаздары арасында «Жедел коронарлы синдром», «Мидың қан айналысының жедел бұзылуы» тақырыптарында дөңгелек үстел ұйымдастырды.Жедел коронарлы синдром және инсульт сияқты қатерлі дерттер көбінесе артериалық гипертензияның асқынуы салдарынан болады.ЖКС және инсульт кезінде жедел жәрдем келмей тұрып алғашқы көмек көрсетудің маңызы зор.Сондықтан шара кезінде ЖКС және инсультқа әкелетін себептер,олардың алдын алумен қатар,кесел туындағанда пайда болатын клиникалық белгілер,алғашқы көмек көрсету тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар тақырыптық видеороликтер көрсетілді.