Жаналыктар

Сәуір айының 24 күні аудандық аурухананың бас дәрігері М.Қапашев денсаулығына байланысты аудандық ауруханада медициналық тексеруден өткізіліп, емделіп жатқан Ұлы Отан соғысының ардагері Аметов Ұзақпайдың денсаулығын, жағдайын, қандай көмек керек екенін сұрады. Бас дәрігер Ұлы Отан соғысы қандай бағамен келгенін, жеңіске жеткендігін мәңгі есте сақтап, Отанымыздың бейбітшілігі мен бостандығы үшін, бізге тыныш та бақытты өмір сыйлаған ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те артық еместігін айтып, ардагердің қолын алып, зор денсаулық тіледі. Ардагер ақ халаттылардың үйіне жиі келіп, денсаулықтарын қарап, бақылап тұратындарын, алғысын айтты