«Әлеуметтік мәселелерді шешу»

Сәуір айының 20 күні «Әлеуметтік мәселелерді шешу» Республикалық акциясы аясында М.Оспанов атындағы БҚММУ маманы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекционист дәрігері, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, аудандық аурухананың медбикелері Үшқұдық селосы бойынша екпеден бас тартқан отбасылармен жеке-жеке үй аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барылған барлық үйлерде қандай жұқпалы ауруларға қарсы, қай жастарда екпе жасалады, екпенің маңызы, құрамы, екпеден кейін бала ағзасында қандай өзгерістер болуы мүмкін, ол үшін ата-ана не істеуі керек, медициналық бақылау туралы нақты ақпараттар беріліп, ақпараттық оқу материалдары таратылды. Не себепті балаларына екпе алдырғысы келмейтінін сұрап, қойылған сұрақтарға жауап берілді.