"Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым"

Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Туған елге тағзым ету парызым, туған жерге қызмет ету қарызым" тақырыбында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінде оқып жатқан шалқарлық студенттермен кездесу өткізілді. Кездесуге Шалқар аудандық жастар ресурстық орталығы басшысы Ж.Абденова және Шалқар аудандық орталық аурухананың бас дәрігері А.Есмағамбетов қатысты. Шара барысында мемлекеттік бағдарламаларды тілге тиік етіп, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар берілді. Білім алушылар тарапынан көкейкесті қойылған сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.