«Педиатрия және неонатологиядағы шұғыл көмек көрсетудің актуальды мәселелері

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен педиатрия саласы бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында Ақтөбе медициналық орталығы, балалар ауруханасы базасындасимуляциялық жаттығу орталығы ашылды, орталық медицина қызметкерлерін нәтижелі оқыту және жаттықтыру үшін қажет барлық механикалық жаттықтыру құрылғыларымен, компьютерленген робот симяторлармен жабыдықталған. Сонымен қатар, орталық аруханадағы жағдайға максималды жақындатылған шынайы реанимация және қарқында емдеу модулдарымен жабдықталған. Біздің орталықта компьютерлік симуляторлардың арасында балаланың барлық физиологиялық қастиеттерін қайталайтын симуляторлар бар. Шынайылығы бойынша VI деңгейге жатады. Адам сияқты симуляторлар негізінде ардыңғы қатардағы сандық және компьютерлік техникалар тұр. Симуляторлар адамның физиологиялық процестерін шынайы көрсетеді, сол арқылы медициналық қызметкерлер реанимациялық әрекеттерді, анестозиологиялық нұсқауларды және тағы басқаларын тәжірибеде үйрене алады.
2018 жылғы 23 – 24 сәуір күндері орталықта «Педиатрия және неонатологиядағы шұғыл көмек көрсетудің актуальды мәселелері» тақырыбы бойынша Вена медициналық униветситеті (Австрия) қарқыныды емдеу бөлімінің кеңесшісі, дәрігер неонатолог - Йенс Кристиан Швидт (Jens-Christian Schwindt) және «Кроха Павлик» маникендер жасаушы компанияның директоры Sim Characters және Нижний Новгород қаласының медицинада симуляционды оқыту бойынша Ресей қоғамы басқармасының мүшесі (РОСОМЕД), симуляционды оқыту бойынша маманы, облыстық балалар аурханасының жоғары дәрежелі реаниматолог дәрігері Веревкин Анатолий Евгеньевичтің қатысуымен мастер класс өткізіледі.
Мастер класты өткізудің мақсаты: медициналық қызметкерлердің кәсіби және жеке құзіреттілігін жоғарлату арқылы Ақтөбе облысының балаларына көрсетілетін медициналық көмек сапасын жақсарту және Австралия және Ресей еліндегі әрептестермен тәжірибе алмасу болып табылады.
Мастер класс шеңберінде маникендерде балалар мен нәрестелерге жүрек – өкпе реанимациясын шыңдауға, шұғыл көмек сұрақтары, әртүрлі патологиясы бар нәрестелердің күтімі мен қарқынды емдеуге, респираторлы дисресс синдромында көмек көрсетуге үйретеді. Біздің регионға актуальды сұрақтар бойынша орталық жаттықтырушыларымен құрастырылған сценарий бойынша клиникалық жағдайлар талқыланады.
Екі күн ішінде облыстың 20 педиатр және 20 неонатолог мамандарын қамту жоспарланып отыр.