Сурет сайысы

Әйтеке би ауданында 14 наурыз күні «әз наурыз» мейрамының салтанатты жабылуы мерекесіне жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға ,жастар арасында дарынды суретшілерді анықтауға,жас суретшілердің кәсіби шеберлігін арттыруға ,жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейту мақсатында асфальтқа сурет салу ,шахмат, және тоғыз құмалақтан байқау өтті.Іс-шараға орталықтағы және ауылдық округ мектептеріндегі оқушылар қатысты. «Бақытты бала » жобасы аясында ұйымдастырылған сайыстың соңында жеңімпаздарды аудан әкімі М.Ибрашев дүйім жұрттың алдында арнайы дипломдармен марапаттап , сыйлықтарын табыс етті.