"Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі "

Аққайың" бөбекжайында "Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі " атты тақырыпта викторина өтті.СӨСҚ дәрігері С.Боранбайқызы мен мед.аға Ж.Қ.Артықбаев балалармен дұрыс тамақтану жөнінде қызықты әңгіме өрбітті. Викторина барысында балалар чипсы, сухарики, кока кола,сағыз,бояғыштар қосылған шырындардың зиянды тамақтарға жататынын білді.Сонымен қатар балаларға дұрыс тамақтану туралы мультфильм көрсетіліп,сұрақтарына жауап берілді.
Викторинаның мақсаты: 
1.Балалардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту; 
2.Балалардың ойлау, есте сақтау, салыстыру және таным белсенділігін арттыру; 
3.Тазалық гигиенасын сақтау, тазалыққа баулу.