Медицина ұйымдарында мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда электронды қызмет көрсету аясын жетілдіру.

Осы жылдың 5 сәуір күні Шалқар аудандық әкімшілігінде Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен «Денсаулық сақтау саласы аясында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету . Сапалы және қолжетімді . Электронды қызмет көрсету аясын кеңейту» тақырыбында көшпелі облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Ақтөбе облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудегі сұрақтарды үйлестеру бөлімінің басшысы Ж.Е.Алдашев,Облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Г.Ш.Мамбетжанова, Ақтөбе қалалық медициналық ұйымдардың және аудандық ауруханалардың жауапты мамандары қатысты.Семинарды аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаев ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Алғы сөз Ж.Е.Алдашевқа берілді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің 75 пайызы медицина саласына тиесілі екендігін және қазіргі таңда мемлекеттік қызметкөрсету 18 бағытта жүргізілетінін айтты. Г.Ш.Мамбетжанова облыстық медициналық ұйымдарда мемлекеттік қызметті ұйымдастыруда 2017 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері А.Есмағамбетов, Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы С.Күнтілеуова, №5 мектеп-лицей диркторы Ә.П.Әбдіғапарова аудан бойынша атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.Сонымен қатар Ақтөбе қалалық №2,3 емханасының және Қарғалы аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары өздеріндегі жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Семинардың мақсаты мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруда өзара тәжірибе алмасу.