«АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» атты дөңгелек үстел

2018 жылдың 27 наурыз күні «Арасан Ақтөбе» ЖШС-ң маманы Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында өткен «АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» атты дөңгелек үстелге қатысты. Өткізілетін дөнгелек үстелдің негізгі мақсаты Республика халқының, оның ішінде жас адамдар арасында ақпарат беру және АИТВ-ның алдын алу, оның ішінде психобелсенді заттардан бас тарту, жауапты, қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру мен барлық мүдделі тараптардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын нығайту арқылы ақпараттылық деңгейін арттыру болып табылады. Дөңгелек үстелге Облыстық, қалалық білім басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, облыстық жастар ресурстық орталық өкілдері қатысты.