Ойыл аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері С.М.Нұрбаевтың жылдық қорытынды есеп беруі

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделі, Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі медицина саласындағы жаңа талаптар мен жетістіктерді көздейді.
Ойыл ауданы бойынша 2017 жылы барлығы - 18963 тұрғын бар, оның 5273 - 14 жасқа дейінгі балалар, 1125 жасөспірімдер, ал ересектер - 12565.Босану жасындағы әйелдер саны - 4850. Бекітілген халық тіркелімі бойынша – 15720. 1 Ойыл аудандық аурухана, 6 Дәрігерлік амбулатория, 15 Медициналық пунк халық денсаулығы үшін қызмет атқаруда. Аудан бойынша 1 Жалпы тәжірибелік дәрігерге бекітілген халық саны-1739(меморандум бойынша -1791)
Барлық дәрігерлер саны -30 (2016ж-33),10000 тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамту көрсеткіші –15,7 (2016ж-16,8). Жас мамандардың ауылға келіп қызметке қабылданса да, кадр тапшылығы мәселесі әлі де орын алуда. Жетіспейтін мамандар саны – 4(2016 ж-6): олар акушер – гинеколог, хирург, ВОП, лаборант.
Мейірбикелер саны – 142 (65,2), (2016 ж – 125 (65,7).Квалификациялық категориялары бар мейірбикелер-6 (5,6%)(2016ж–6(4,8%), қызмет атқаруда.
. 2017 ж (АХАЖ бойынша) аудан бойынша туылған балалар саны-334 (2016 ж-346, 2015ж-392) обл.стат бойынша халық саны- 18963 тұрғын бар, емханаға бекітілген халық тіркелімі бойынша – 15720. (2015ж-15856, 2014ж- 16863) жыл сайын емханаға тіркелген халық саны азайып келеді.
2. 1 жасқа дейін шетінеген бала саны -1 (2016 ж-3).көрсеткіші-3,25(2016ж-8,90) өлім себебі алдын алуға болмайтын оқыс жағдайдан болған. Құмжарған елді мекені. Д/З: Отек и давление мозга. S06.1.Субдур.кровозл. головного мозга.S06.5.Пат.-анат сараптама жасалды.
3. Жүрек қан тамырлар аурулары 100мың тұрғынға шаққанда- 2435,7 Облыста-1697,6 (2016ж-2570,0, 2015ж-2733,9, 2014ж-2859,7 , 2013ж-3283,8) облыстық көрсеткіштен жоғары,бірақ жыл сайын төмендеу байқалады. Жүрек-қан тамырлар ауруларымен есепте тұратын және тегін дәрі-дәрмек алатын тұрғындар саны- 1207 жыл сайын көбейіп келеді. (2016ж- 1055 , 2013ж.-1002)
4. Ісік ауруымен жаңадан есепке алынғаны – 20 (2016ж - 17), көрсеткіші – 105,4 (89,5). Облыстық көрсеткіштен төмен -184,0. Жанадан есепке алынғандар саны өскенімен оның ішінде ерте сатысында анықтау (80%) жақсарған. Асқынған түрі -20% құрайды. Нозология бойынша сүт безі ісігі 3-ке, өкпе ісігі 3-ке өскен,бірақ барлығы аурудың ерте сатысында анықталған.
5. Көптоғай дәрігерлік амбулаториясы құрлысы 2019 жылға жоспарланған.
6. Туберкулезбен алғашқы сырқаттанғандар төмендеген – 6 (2016 ж -8), көрсеткіші –31,9 (2016 ж –42,1)облыста -57,8(2016ж -58,3)РК-52,2(2016ж -52,7).
Жарақаттану және улану көрсеткіші өткен жылдан төмендеген және облыстық көрсеткіштен төмен, көрсеткіші 1175,3, (2016ж-1221,8) облыста -2528,7 .
Барлық әйелдер саны -7767 (47 %) жүкті болуға қабілеті бар әйелдер саны – 3363 (41,2 %) (2016-3800) ДСМ № 452 бұйрық бойынша:
-1б топтағы саны -1852 (5,8 %);
-2б, 3б, 4б (ЭГА және гинекологиялық аурулар -166 (5,0 %);
-1А, 2А, 3А, 4А - 459. Гравидар алдындағы дайындығы-(14 %) (облыс-74,5)
Абсолюттік қарсы көрсеткіші бар әйелдер:
-2 В тобы -72 (2,1 %), облыста (1,4 %), контрацепция -56 (77,7 %), облыста (71,3 %)
- 5 топ-54 (90,8 %), контрацепция-52 (96,2 %) (2016 ж 5 топ-79, контрацепция-60-75,9%)
Жүкті әйел қауіпті топ (2В) – 1 әйел тіркеліп,қатаң бақылауға алынып кесір тілігі арқылы босанумен аяқталды. Абсолюттік қарсы көрсеткіш Д/З: инсулинтәуелді қант диабеті декомпенсация сатысы.
Есепке алынған жүкті әйелдер саны -371 (2016 ж-388), о.і.12 аптаға дейін есепке алынғандары -284 (76,4 %), облыста (79,7) (2016 ж -318-81,4 %). Аудан бойынша босанған әйелдер саны-342,туган балалар-334,оның ішінде (өлі туылғандар-11) (2016 ж -2). Аборт саны – 25 (2016 ж -19): медициналық көрсеткішімен-1,медаборт-1,өздігінен түсік түсу-23.
Жүкті болуға қабілеті жасындағы қауіпті топтағы әйелдер саны – 455 (2016 ж - 477). Контрацепциялау –357 (78,4 %) 2016-(77 %),
Критикалық жағдайдағы тіркелген әйелдер саны-2, себептері-босанудан кейін акушерлік қан кету.
Өлі туған балалар –11 (2016 ж - 2), олар ЦРБ-4, АОБ-7.
Бұған басты себеп, жатыр ішілік ұрық өлімі вентрикуломегалия микрогастрия преждеврем. отслойка плаценты антенатальная гибель плода
Тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту :
0 жастан 5 жаска дейінгі балаларга -2 360 272,(2016 ж-1 522 297тг) (дәрілер,сүт,қобдиша)
-Д есептегі ересектерге -25 513 983 (2016ж-20 150 197 тг)дәрілер тегін берілді.
Барлығы-27 874 225 тг (2016 ж - 21 672 494)
2018 жылға-30 624 294 тг дәрілер беру жоспарланған.
Бас дәрігердің 2017 жыл бойынша атқарылған негізгі жұмыстар мен міндеттері туралы есеп беруге аудан әкімі Күзембаева Бұлбұл Бисембайқызы және арнайы іс сапармен Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Мәмбетжанова Гульнар Шукировна қатысты. Бас дәрігер 2017 жылғы атқарылған жұмыстарға толығымен тоқталып, алға қойға міндеттерді баяндады. Облыстық денсаулық сақтау басшысының орынбасары Мәмбетжанова Г.Ш. биылғы жыл бойынша аудандық аурухана көрсеткіштерінен 1 жасқа дейінгі бала өлімінің азаюы, медициналық мемлекеттік қызметтердің ақпараттық жүйе арқылы орындалу деңгейінің салыстырмалы түрде жоғарылауы, «Туған жерге тағзым» акциясының белсенді өтуі, денсаулық саласына заманауи лапароскопиялық қондырғының орнатылуына оң бағасын беріп, ерекше атып өтті. Және де аудандық денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығы және медицина мамандарының санаттылықтарын әлі де арттыру, кадр мәселесін осы бастан шешу, мектеп оқушылары арасында профориентациялық жұмыстар жүргізу, ана мен бала денсаулығын қорғау, ана мен бала өлімін болдырмау, негізгі демографиялық көрсеткіштің жоғарылатуды көздеу, тұрғындар тарынан шағымдарды болдырмау мақсатында нақты тапсырмалар берілді. Сонымен бірге, аудандық медициналық қызметкерлер тарыпынан сауалдар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Есеп беру қорытындысына сәйкес 2017 жыл бойынша аудандық денсаулық сақтау саласы көрсеткіштеріне қанағаттанарлық баға берілді.
2018 жылға арналған мақсаттары мен міндеттері:
1. Әлеуметтік маңызы бар ауруларды алдын алу мақсатында профилактикалық шараларды күшейту:
- тұрғындардың флюорографиялық тексерумен 100 % қамтылуын, жылжымалы флюро қондырғымен елдімекендерді қамту.
- скринингтік тексерулерді нақты өткізу, ауруды ерте сатысында анықтау арқылы ісік ауруларының 5 жылдан жоғары өмір сүру үлесін арттыру.
- мектеп мейібикелерімен оқушыларды профилактикалық қарауды,скринингтік тексерулерді күшейту.
2. Ана мен бала өлімін алдын алу мақсатында:
-МСАК деңгейінде босану жасындағы әйелдердің гравидар алдындағы дайындығын күшейту
3. Ауруханада стационар бойынша хирургиялық белсенділікті лапароскопиялық тәсілмен ота жасау арқылы көбейту.
3. Аудандық емхана бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің электронды көрсетілуін 65 пайызға жеткізу,тұрғындар ақпарат жұмыстарын жүргізу.
4. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізуде тұрғындар арасына насихат ақпарат жұмыстарын жүргізу.
5. Кадр тапшылығын азайту ( акушер – гинеколог, лаборант, ЖТД, хирург)
6.Материалдық-техникалық базаны нығайту:
-Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ауруханада қаралуына,қозғалысына стандартқа сәйкес жағдай жасау(пандус,лифт,белгілер және т.б)
-Орталық аурухананың жылу жүйесін газге ауыстыру (1 200 000 тт).
-күрделі жөндеу: аудандық аурухана,Саралжын ДА,Берсиев ДА,Жекенді ДА,Көсембай МП.
-Жылжымалы флюороқондырғы алу.
-Саралжин ДА санитарлық автотраспортпен қамту
-Кұрман ДА ғимаратын салу