Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша жеке серіктесті анықтау үшін байқау өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Ақтөбе қаласы 13 қаңтар 2018 жыл
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша жеке серіктесті анықтау
үшін байқау өткізу туралы
ХАБАРЛАМА
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары бойынша жеке серіктесті анықтау үшін байқау жариялайды:
1. «ШЖҚ «Қарғалы ҚА» МКК қасбетін күрделі жөндеу»;
2. «ШЖҚ «Ақтөбе облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеу», «ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу»;
3. «ШЖҚ «Әйтеке би туберкулез ауруларына арналған хосписі» МКҚК желдету, кәріз жүйелерін, газдандыру арқылы қазандығын, тазарту қондырғыларын, периметрі бойынша қоршауды күрделі жөндеу;
4. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Ақырап ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеу».
1. Жобалар туралы мәліметтер
«ШЖҚ «Қарғалы ҚА» МКК қасбетін күрделі жөндеу» жобасы туралы мәліметтер.
Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:
· күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы денсаулық сақтау нысанын ұстау есебінен аудан мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына білікті амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін ғимараттың санитариялық жай-күйін жақсарту.
Нысанның орналасқан жері:
· Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауылы
Іске асыру кезеңі:
· күрделі жөндеу жүргізілетін мерзім: 2018 жыл, 1 ай;
· МЖС шартының мерзімі: 3 жыл
Байқау түрі:
· екі сатылық рәсімдерді пайдаланбау арқылы
««ШЖҚ «Ақтөбе облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы» МКК филиалын күрделі жөндеу», «ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратының жылыту жүйесін күрделі жөндеу» жобасы туралы мәліметтер.
Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:
· күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы денсаулық сақтау нысанын ұстау есебінен аудан мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына білікті амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін ғимараттың санитариялық жай-күйін жақсарту.
Нысанның орналасқан жері:
· Ақтөбе қаласы
Іске асыру мерзімі:
· күрделі жөндеу жүргізу мерзімі: 2018 жыл, 3 ай;
· МЖС шартының мерзімі: 3 жыл
Байқау түрі:
· екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбау арқылы
«ШЖҚ «Әйтеке би туберкулез ауруларына арналған хосписі» МКҚК желдету, кәріз жүйелерін, газдандыру арқылы қазандығын, тазарту қондырғыларын, периметрі бойынша қоршауды күрделі жөндеу жобасы туралы мәліметтер.
Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:
· күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы денсаулық сақтау нысанын ұстау есебінен аудан мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына білікті амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін ғимараттың санитариялық жай-күйін жақсарту.
Нысанның орналасқан жері:
· Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы
Іске асыру мерзімі:
· күрделі жөндеу жүргізу мерзімі: 2018 жыл, 3 ай;
· МЖС шартының мерзімі: 3 жыл
Байқау түрі:
· екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбау арқылы
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ «Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Ақырап ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы туралы мәліметтер.
Жобаның мақсаттары мен негізгі бағыттары:
· күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы денсаулық сақтау нысанын ұстау есебінен аудан мен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындарына білікті амбулаториялық-емханалық көмек көрсету үшін ғимараттың санитариялық жай-күйін жақсарту.
Нысанның орналасқан жері:
· Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Ақырап ауылы
Іске асыру мерзімі:
· күрделі жөндеу жүргізу мерзімі: 2018 жыл, 2 ай;
· МЖС шартының мерзімі: 3 жыл
Байқау түрі:
· екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбау арқылы
2. Жеке серіктесті анықтау бойынша байқаудың
өткізілетін күні, орны және уақыты
Жеке серіктесті анықтау бойынша байқау 2018 жылдың 15 ақпанында Ақтөбе облысы, Әбілқайыр хан даңғылы 40 мекенжайындағы облыстық әкімдік ғимаратының 602– кабинетінде жергілікті уақытпен сағат 15.:00-де өткізіледі.
3. Ықтимал жеке серіктеске қойылатын
біліктілік талаптары
Жеке серіктесті анықтау бойынша байқауға қатысу үшін ықтимал жеке серіктес келесі жалпы біліктілік талаптарына сай болуы керек:
· құқықтық қабілеттілікке (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекетке қабілеттілікке (жеке кәсіпкер үшін) ие болу;
· төлемдік қабілетті болу, салық берешегінің болмауы;
· мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарты бойынша міндеттемелерді орындауға қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек қорларының болуы;
· банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатылмауы керек;
· соңғы үш жыл ішінде бекітілген мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз ықтимал жеке серіктес деп тану жөнінде күшіне енген сот шешімінің негізінде жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке серіктес осы тармақпен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестілігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері сияқты құжаттарды немесе Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке серіктестің біліктілігі туралы сол тәрізді мәліметтерді ұсынады.
4. Ықтимал жеке серіктестердің біліктілік
талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету
үшін ұсынатын құжаттар тізімі
Қойылатын талаптарға сәйкестігін растау үшін жеке меншік серіктестерін біліктілік талдауын өткізуге 2018 жылдың 1 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, 6 қабат, 602 кабинетке (телефон номерлері: 8 713 256-02-11, 54-34-45) төмендегі құжаттар қажет ұсынылсын:
1) есепшоттарында ақшаның болуын, әлеуетті жекеше әріптестің меншік құқығын және жылжитын және жылжымайтын мүліктің құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері; 2) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жасалған толық алдыңғы екі қаржы жылының қаржылық есептілігінің түпнұсқасы. Еншілес ұйымдары бар ұйымдар негізгі ұйым қызметі жөніндегі қаржылық есептілікке қосымша бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына немесе халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады. Аса маңызды МЖӘ жобаларына қатысты, егер әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда мұндай құжаттарды осындай әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшысы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы тиіс; 3) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) «Негізгі құралдар» бухгалтерлік балансының баптарының таратылып жазылуы; 4) әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысының немесе уәкілетті өкілінің қолы қойылған және әлеуетті жекеше әріптестің мөрімен куәландырылған, олардың қалыптасқан күні мен болжамды өтеу мерзімі, сондай-ақ берешектің мақсаты (не үшін берешек пайда болды), оларды құнсыздандыру бойынша есептелген резервтердің сомасы көрсетілген соңғы есеп беру күніне (соңғы қаржы жылындағы) дебиторлық және кредиторлық берешектің таратылып жазылуы. Банктік қарыздар болған жағдайда банктік қарыздар шарттарының көшірмелерін негізгі борышты және пайыздарды өтеу кестелерімен қоса беру қажет; 5) әлеуетті жекеше әріптестің төлем қабілеттілігі, оның таратылуға жатпайтыны, мүлкіне тыйым салынбағаны, оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағаны, әлеуетті жекеше әріптестің жасалған МЖӘ шарттары бойынша оның міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін соңғы үш жыл ішінде заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапкершілікке тартылмағаны туралы кепілхат; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар сондай-ақ соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есепті ұсынады; 7) заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, заңды тұлға нотариалды куәландырылған жарғысының көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті еместер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған сауда тізілімінен нотариалды куәландырылған заңдастырылған үзіндіні ұсынады; 8) тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама; 9) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысуға құқық беретін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін, жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып нотариалды куәландырылған жеке бас куәлігінің (төлқұжат) көшірмесін ұсынады; 10) әлеуетті жекеше әріптеске қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі қойылған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті жекеше әріптес міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдында үш айдан астам мерзімі өткен берешегі жоқ екендігі туралы анықтамасының түпнұсқасы. Егер әлеуетті жекеше әріптес бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетел банкінің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюро беретін кредиттік есепті ұсынуға рұқсат етіледі. Банк анықтамасы (немесе кредиттік есеп) берілгеніне конкурсты ұйымдастырушыға құжаттарды ұсыну күнінің алдындағы екі айдан артық уақыт өтпеуге тиіс. Конкурсқа жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қарапайым серіктестік нысанында қатысқан жағдайда оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қоса ұсынулары қажет: бірлескен қызмет туралы келісімшарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; қарапайым серіктестік мүшелері арасындағы жасалған ортақ жауапкершілік туралы шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі; конкурс шеңберінде қарапайым серіктестік атынан келіссөздерді және басқа да іс-шараларды жүзеге асыруға шығатын оның өкіліне арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі. Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын басқа да құжаттарды әлеуетті жекеше әріптестер өз қалауы бойынша ұсынады. Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттері ұсынатын құжаттарды немесе конкурстық құжаттаманың тілдеріне аударылған нотариалды куәландырылған аудармамен Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес біліктілігі туралы ұқсас мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай ақ резиденттіктің апостиль қойылған сертификаты (егер халықаралық шартпен басқасы көзделмесе) ұсынады. МЖӘ объектісі ақпараттық ресурстар және (немесе) ақпараттық жүйелер болған жағдайда әлеуетті жекеше әріптес ақпараттық ресурстарға және (немесе) ақпараттық жүйелерге меншік және (немесе) ие болу құқығы туралы құжаттарды ұсынады.