«Қауіпсіздік – денсаулық кепілі!»

2018 жылдың 24 қаңтар күні өзін-өзі сақтау мінез-құлқының маңыздылығы туралы хабардар ету, сонымен қатар жарақаттану жағдайындағы мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын-алу мақсатында №4 ОБЖСМ оқушылары арасында «Қауіпсіздік – денсаулық кепілі!» атты семинар тренинг өтті. Шара аясында жол қозғалысы ережелері мен жолдарда, көлік құралдарында, толып жатқан жерлерде қауіпсіз жүріс-тұрыстарды сақтау, сондай-ақ суға кету, күйік, құлау және улану секілді қауіпті жағдайлар туралы мәселелер талданды. Барлығы 18 адам қамтылып, ақпараттық – оқу-ағарту материалдары таратылды.