Обырға қарсы бірге!

2018 жылдың 22 қантар күні онкологиялық аурулардың алдын алу және өз денсаулығына деген жауапты көзқарасын қалыптастыру мақсатында валеолог мамандар наркологиялық диспансерінің дәрігерлерімен бірлесіп ТЖ департаментінің «Өрт сөндіруші» қызметінің жұмысшылары арасында «Обырға қарсы бірге!» атты тақырыпта семинар-кеңес ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара барысында онкопатологияның профилактикалық шаралары, соның ішінде физикалық белсенділіктің артуы, дұрыс тамақтану принциптерін сақтау, темекі шегуден және алкогольді теріс пайдаланудан бас тарту, скринингтік зерттеулерде онкологиялық ауруларды ерте анықтау туралы хабардар болды. Барлығы 44 адам қамтылып, ақпараттық материалдар таратылды.