«Екпенің маңызы туралы!»

2018 жылдың 19 қаңтар күні халықтың иммунопрофилактикаға сенімді көзқарасын қалыптастыру, вакцинация қауіпсіздігі туралы жұртшылықты хабардар ету, вакцинациядан бас тартуымен байланысты тәуекелдерге және зардаптарға назар аудару мақсатында «Мега Шығыс» сауда орталығында «Екпенің маңызы туралы!» атты акция өткізілді. Акция барысында педиатр, терапевт дәрігерлерінің кеңесі, артериалдық қан қысымын өлшеу, қан құрамындағы қант мөлшерін анықтау, Кетле индесі бойынша семіздік жағдайын анықтау қызметтерін қамтыған «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды. Барлығы 56 адам қамтылды.