Жасөспірімдердің жыныстық денсаулық мәселелері бойынша жиналыс

2017 жылдың 22 желтоқсан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәжіліс – залында ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі басшы орынбасарының төрағалығымен және Қазақстандағы ЮНПФА үйлестірушісінің қатысуымен Жасөспірімдердің жыныстық денсаулық мәселелері бойынша жиналыс өтті. Жиналыста ОДСБ, «Арасан Ақтөбе» ЖШС-і, ЖИТС орталығы бас мамандары мен қалалық және аудандық ЖДО-ң психолог мамандары қатысты. Жиналыс барысында Қазақстан жағдайына Эстонияның озық тәжірибелерін және отбасын жоспарлау бойынша іс-шаралар жоспарын бейімдеу, жасөспірімдердің жүктілік деңгейін төмендетуге бағытталған жастар үшін моральдық және жыныстық тәрбие бағдарламасын енгізу тәжірибесі, ЖЖБИ-нің, оның ішінде АИТВ таралуын шектеу, Ақтөбе қаласында жастар ресурстық орталығын құру туралы мәселелер талқыланды. Барлығы 45 адам қатысты.