Дәрігерлер мерейі

Тәуелсіздік күні қарсаңында А.Досжанова атындағы конференц-холда облыс медицинасының дамуына зор үлес қосқан дәрігерлер марапатталды.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жиналғандарды облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтады.
—  Тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің медицина саласында үлкен өзгерістер болды. Әрине, алғашқы жылдары бұл салада қандай қиындықтардың болғанын ардагер дәрігерлер жақсы біледі. Бірақ қазір сол қиындықтардың барлығы артта қалды, алдымызда үлкен міндеттер тұр. Биылғы жылы облыста 24 медициналық ғимарат салынса, 335 күрделі ота жасалыпты. Осының барлығы — тәуелсіздіктің жемісі, — деген облыс әкімінің орынбасары тәуелсіздігіміздің баянды болуын тіледі.
Ербол Нұрғалиев бірқатар дәрігерлерге облыс әкімінің және ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаттарын табыс етті. Оның ішінде өңір медицинасының дамуына үлкен үлес қосып жүрген республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы облыстық филиалының басшысы Мира Мазина, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы мекемесінің меңгерушісі Бақыт Еламанова бар. Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі,  «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі және Құрмет грамоталарымен бірқатар ақ халаттылар марапатталды. Олардың ішінде «Aktobe medical center» орталығы педиатрия қызметінің директоры Нұрлан Қожин, Әйтеке би аудандық ауруханасының эндокринолог дәрігері Бақытгүл Бекмұратова секілді тәжірибелі дәрігерлер бар. Жиында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев «Үздік әлеуметтік тапсырыс» байқауына қатысқан үкіметтік емес ұйымдарды Алғыс хатпен марапаттады.
Алғысқа ие болған дәрігерлер ақ тілектерін білдірді.
— Жыл бойы мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты көмек көрсеттік. Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттадық. Осы еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымыз, — деді «Отырар білім» медициналық-сауықтыру орталығының директоры әрі  невролог дәрігері Салтанат Ерімбетова.
Ал Байғанин ауданынан келген ардагер дәрігер Ақкенже Кемешова ұзақ жылғы еңбегінің еленіп, медальға ие болғанына ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
Шараның соңы медицина қызметкерлерінің концертімен жалғасты.
 Кәмшат ҚОПАЕВА.
qf9cABkACAAAAFAAAABQAAEAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAAqwAvAAAAAABodHRwOi8vd3d3LmFr
dG9iZWdhemV0aS5rei93cC1jb21tZW50cy1wb3N0LnBocAA=

hf8IAAUAAAo=

qgI=

qf8MAB0ACAAAAAAA

hf8IAAUAAAo=

qgI=