Қайырымдылық кеші

Бұл шараны өткізуге мұрындық болған - Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе медициналық колледжі. Қайырымдылық кештен түскен басты қаражат Көшербаева Альбина есімді қала тұрғынына денсаулығын оңалтуға, облыстық кәсіподақ тарапынан қаржылай көмек лейкоз ауруына шалдыққан сәбиге және медициналық колледж тарапынан ақшалай көмек пен денсаулығын оңалтуға массажға бір жылдық сертификат Қази Серік есімді бүлдіршінге берілді.
Кеш барысында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы атаулы шәкіртақыны Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол мырза 2 студентке табыстады. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.А.Қалиев қайырымдылық кешінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған және аз қамтылған отбасынан шыққан 13 студентке ақшалай сертификаттарды табыстады. «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Л.ҚЖазықова 4 студентке кәсіподақ ұйымының атаулы шәкіртақысын тапсырды. Кештің сән салтанатын келтіріп, әнмен әрлеген А.Жұбанов атындағы Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері болса, медициналық колледж студенттері «Астана» және француз вальстерінің ырғағымен кеш ажарын аша түсті.