Репродуктивті денсаулық туралы!

2017 жылдың 11 желтоқсан күні Қазақ-орыс халықаралық университеті мен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті студенттері арасында «Арасан» жастар денсаулық орталығының психологі, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығы мамандары репродуктивтік денсаулық, ерте жыныстық қатынас салдары, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар, ерте жүктілік және салауатты өмір салтын ұстану ережелері туралы кеңес берді. Барлығы 78 адам қамтылып, ақпараттық материалдар таратылды.