Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру; Медицина ұйымдары арасында тапсырыстарды орналастыру жұмыстарының басталуы

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қызмет көрсетуден үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру; Медицина ұйымдары арасында тапсырыстарды орналастыру жұмыстарының басталуы
Қазіргі таңда Республика бойынша 2018 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге құжат тапсырған медицина ұйымдарының өтініштерін тексеру жұмыстары өтуде. Айта кететін жәйт Ақтөбе облысы бойынша 2018 жылы ТМККК шеңберінде медкөмек көрсетуден 89 ұйым үміткер. Оның 51 пайызын жеке меншік клиникалар құрап отыр.
Республика бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыруға бір мың алты жүзден астам денсаулық сақтау нысаны қатысып жатыр. Оның 45 пайыздан астамы – жеке меншік клиникалар. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Яғни, жеке меншік клиникалар Қордың бастамасын қолдап, медициналық қызметтерді орналастыруға құжат өткізу жұмыстарына белсенді түрде қатысып жатыр деген сөз. Сондай-ақ, биыл тұңғыш рет процеске ірі-ірі жеке меншік компаниялар қатысып отыр. Бұл да халық арасында беделі бар медицина орталықтарының науқанға деген қызығушылығы артқанын білдіреді.
Биылғы тіркеу науқаны барысында 300 мыңнан астам қазақстандық емхана таңдау құқығын пайдаланса, біздің Ақтөбе өңірі бойынша 25428 тұрғын тіркелеген. Бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштен екі есе көп. Ендеше, бұл жұртшылық тарапынан тіркеу науқанына деген қызығушылық артып, азаматтардың кампания мен емхана таңдау құқығы жайлы көбірек біле бастағанын растаса керек.
Қазір Қор медициналық ұйымдардан келіп түскен мәліметтерді сараптаумен айналысып жатыр. Бірақ қазірдің өзінде қазақстандықтардың едәуір бөлігінің жеке меншік клиникаларға тіркелуге ниет білдіргені анықталып отыр.
Жалпы, еліміз бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 18 млн астам адам тіркелген. Тәртіп бойынша емханаға тіркелу құқығын пайдаланбаған азаматтар автоматты түрде тұрғылықты жеріндегі денсаулық сақтау нысанына тіркеледі. Тұрғындар өзінің қай емханаға тіркелгенін e-gov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кеңесшілерден анықтап біле алады. Бұл туралы нақты баяндайтын нұсқаулықтар мен инфографикаларды Қордың ресми сайтынан алуға болады: https://fms.kz/ru/content/poleznye-materialy