Өмірдің жағымды құндылықтарын қалыптастыру

2017 жылдың 23 қараша күні «Рауан» колледжінің студенттері арасында «Өмірдің жағымды құндылықтарын қалыптастыру» атты тақырыпта семинар тренинг өткізілді. Қатысушылар психикалық денсаулығын сақтаудың негізгі ережелерімен, түрлі жағдайлардағы адамдар арасындағы қарым-қатынастарымен танысып, мінез-құлықты реттеудің қарапайым тәсілдерін қолдану дағдыларын дамыту бойынша жаттығулар өткізілді. Іс-шара барысында студенттер өз сұрақтарына жауап алды. Барлығы 25 адам қамтылды.