Екпе алудан бас тартқандармен өткізілген семинар

2017 жылдың 21 қараша күні Ақтөбе облысының әкімімен бекітілген, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін өткізілетін екпеден бас тартқан адамдар санын азайту бойынша өткізілетін іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында №2 қалалық емханасында екпе алудан бас тартқан ата-аналар арасында «Екпенің маңыздылығы, екпе алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар соңында жеке кездесулер өткізілді. Барлығы 24 адам қамтылып, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.