Қауіпсіз тағам таңда!

2017 жылдың 7 қараша күні халық арасында тағамды таңдауды қалыптастыру мақсатында, СӨС және №1 қалалық емханасының валеолог дәрігерлері және Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, «Ұлттық сараптама орталығы» Ақтөбе облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп, «Табыс» базарында «Қауіпсіз тағам таңда!» атты акция өткізді. Акция барысында тұрғындар сатып алған тағам өнімдерінің сапасын анықтауға (сүт өнімдерінің сапасы, ет және балық өнімдерінің термиялық өңдеуінің сапасы, балдың табиғилығы, бақша өнімдерінің құрамындағы нитратқа, ет, шұжық және ысталған балықты микробиологиялық ластануға, сары май, маргарин, өсімдік майларының сапасы және т.б.) экспресс сараптауды ақысыз түрде өткізілді. Акцияға барлығы 67 адам қатысты, 120 ақпараттық материалдар таратылды. Сонымен қатар, терапевт, жалпы тәжірибелі дәрігердің кеңесін, артериялық қан қысымын өлшеу, Кетле индексі арқылы бойы мен салмағының үйлесімін анықтау, қан құрамындағы қант мөлшерін анықтау және ақпараттық оқу-ағарту материалдарын тарату сияқты қызметтерді қамтыған «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылды. Барлығы 87 адам қамтылды.