«ФМС: халықтық бақылау»

Қазақстан республикасының емханаларымен ауруханаларын бағалау мақсатында әлеуметтік медциналық сақтандыру қоры «ФМС: халықтық бақылау», «ФМС: народный контроль» мобильдік қосымшасын жүзеге асырды. Аталмыш дүниені 2017 жылдың 6 қарашасынан бастап ұялы телефондарға жүктеп алу мүмкіндігі қол жетімді болды. Мобильдік қосымша арқылы ӘМСҚ медициналық қызметтің сапасы туралы хабардар болып, халықтың пікірін біліп отыру мүмкіндігіне ие болды. Бұл келеңсіздіктердің бірден алыдын алып, жағдайды бір ізділікке қойып отыруға мүмкіндік береді. Осы пікірлердің негізінде медициналық мекемелердің рейтингі қалыптасып, халық бірден осы деңгей бойынша өзінің қалаған емхана немесе аурахнасына барып тіркеліп, ем қабылдай алады. Қосымшаға қолданушы ЖСН енгізу арқылы қосыла алады. «ФМС: халықтық бақылауды» Play market және App Store жүйелерінен жүктеп алуғаға болады.