«Инсульттен сақтаныңыз!»

2017 жылдың 30 қазан күні Облыстық ардагерлер одағы мүшелері арасында Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне ұштастырылған акция ұйымдастырылды. Шара аясында «Денсаулық қалашығы» құрылып, кардиолог, лор, көз дәрігері, терапевт мамандары тегін кеңес беріп, артериалдық қан қысымын өлшеп, қандағы қант деңгейін анықтады. Қан айналымы жүйесі ауруының белгілерін ерте анықтау, инсульт кезіндегі алғашқы көмек, дұрыс тамақтану бойынша кеңестер берілді. Барлығы 25 адам қамтылды. Акцияның арқасында ардагерлер инсульт туралы көп нәрсе білді, сондай-ақ білікті маманға еркін кіруге және білікті консультация алуға мүмкіндік алды.