«Тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен байыту"

«Тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен байыту» 2017 жылдың 26 қазан күні Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері мен отбасы- демографиялық саясат комиссиясымен ұйымдастырылған «Тағам өнімдерін дәрумендер мен микроэлементтермен байыту» атты конференцияға қатысты. Модератор - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И. Тараненко. Конференцияда Қазақ тағамтану академиясы, гендерлік саясат мәселелері бойынша тәуелсіз сарапшысы, «BASF» компаниясының үйлестірушісі және ауыл шаруашылығы бойынша директордың орынбасары сөз сөйледі.