«Обырды жеңеміз!»

2017 жылдың 20 қазан күні сүт безі обыры туралы ақпараттандыру онкүндігі шеңберінде СӨС мамандары Маммологиялық орталығының маммолог дәрігерлерімен бірлесіп УК 168/3 мекемесінде профилактикалық акция өткізілді. Кездесу аясында презентациялық ақпаратпен сүт безі обырының алдын алу, ерте анықтау мен скринингтік тексеруден өтудің маңызы туралы ақпарат берілді. Маммолог дәрігеріне 25 әйел қаралып, оларға кеңестер беріліп, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.