«Біздің денсаулығымыз – біздің байлығымыз!»

2017 жылдың 23 қазан күні Ұлттық алкогольден бас тарту күніне орайластырылған онкүндік аясында СӨС дәрігерлері мен Облыстық наркологиялық диспансерінің дәрігерлерімен бірлесіп КА 168/2 мекемесінің жазасын өтеушілері арасында «Алкогольдің адам ағзасына тигізетін әсері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Кездесу аясында мамандар алкогольді ішімдіктердің инфекциялық емес аурулардың негізгі себебі ретінде барынша аз тұтынудың маңызы туралы түсіндірілді. Барлығы 70 адам қамтылып, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.