«Ауруды емдегеннен бұрын алдын алған тиімді!»

2017 жылдың 17 қазан күні №1, 26 мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Тұмаудың алдын алу» тақырыбында семинар тренинг өткізілді.
Адамдардың тұмауға шалдығуыәбден мүмкін. Пневмония, баспа, пиелонефрит, цистит, энцефалит, менингит, арахноидит, полиневрит, радикулит секілді тұмаудың асқынуы өте қауіпті.Аурудың немесе оның асқынуының алдын алудың ең тиімді жолы вакциналау болып табылады.
ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекцияның алдын алу мақсатында келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет: науқас адамдармен қатынаспау, науқас адамдармен байланысу кезінде бетперде кию, инфекцияның таралуының алдын алу үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу, бір реттік мұрын сүлгілерін қолдана отырып жөтелу және түшкіру кезінде мұрын мен ауызды жабу, адамдар жаппай жиналатын орындарға бармау, ғимаратты үнемі желдету, көзді, мұрын мен ауызды лас қолмен ұстамау, салауатты өмір салтын ұстану, оның ішінде толыққанды демалу, таза ауада серуендеу, белсенді демалыс, дәрумендерге бай үйлестірілген тағам ағзаның кез келген инфекцияларға қарсы тұруына көмектеседі. Барлығы – 90 адам қамтылып, ақпараттық оқу-ағарту материалдары таратылды.