Тіркелу науқаны жалғасуда.

Қазан айының 9 мен 17 аралығында Ақтөбе облыстық «ӘМСҚ» КЕАҚ мамандары қалалық АМСК көрсететін медициналық мекемелермен, сонымен қатар Алға, Хромтау, Мұғалжар, Қобда, Ембі аудандық орталық емханаларынның қызметкерлерімен кездесу өткізді. Шара барысында тіркеу науқанының жүргізілуі, арнайы материалдарды тиімді пайдалану барысы тілге тиек етілді. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы бойыншы барлығы 84 қызмет көрсетуші медициналық мекеме тіркелген. Оның 43 мемлекеттік болса, 41 жекеменшік. Биыл жекеменшік медициналық орталықтардың саны 2,9 есе артып отыр.