«Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесу

Өткен аптада, Ақтөбе облыстық «ӘМСҚ» КЕАҚ , «Арасан Ақтөбе» ЖШС-і мен «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» КЕАҚ «Азаматтық үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мамандары «Атамекен» ҰКП өкілдерімен кездесу өткізді. Шара барысында кәсіпкерлердің «ӘМСҚ»-на төлемдерді жүргізу ережелері, сонымен қатар аудару барысында кететін қателіктер туралы сөз қозғалды. Семинарда жергілікті «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» КЕАҚ «Азаматтық үкімет» Мемлекеттік корпорациясының маманы аударымдардың қайтарылымын азайту мақсатында нендей дүниелерге мән беру керек екендігін ашып түсіндірді. Ең басты төлем жүргізу кезінде аударушының аты-жөні, ЖСН-і сонымен қатар, 121 және 122 арнайы кодтарды толтыру кезінде аса мұқият болған абзал .