«Тұмаудан сақтан!»

«2017 жылдың 5 қазан күні №43 «Балдаурен» және №1 «Гүлдер» мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу бойынша семинар өткізілді. Тұмау - тыныс алу жолдарының шырышты қабығының бұзылуымен және жоғары интоксикациямен сипатталатын өткір жұқпалы ауру. Іс-шара барысында тұмаудың негізгі белгілері, таралу жолдары, алдын-алу түрлерімен танысты. Аурудың алдын алудың ең тиімді әдісі мен оның ауыр зардаптары - вакцинацияға ерекше көңіл бөлінді. 26 адам қамтылып, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.