«Стоп – тұмау!»

2017 жылдың 6 қазан күні теміржол көлігі мекемелерінің қызметкерлері арасында ЖРВЖ мен тұмаудың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді. Шара барысында тұмаудың алдын алу, жұғу жолдары мен негізгі белгілері бойынша бейнеролик көрсетілімі ұйымдастырылды. Барлығы 28 адам қамтылып, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
ЖРВИ-діалдын алудың негізгі шаралары:
- Арнайы иммунитетті құру (тұмауға қарсы вакцинация);
- Желдету. Қарқынды ауа алмасу ауадағы вирустардың санын азайтады және онымен науқастану ықтималдығы төмендейді;
- Кварцтау. Ультракүлгін сәулелер вирустарды жояды;
- Қолды жиі сабындап жуу;
- Дезинфекциялы құралдармен бөлмені дымқыл тазалау;
- Ортақ қолданыстағы заттарды (әсіресе ойыншықтар) дезинфекциялайтын құралдармен өңдеу;
- Таза ауада серуендеу;
- С,А және В тобындағы витаминдерді қабылдау;
- Фитотерапия: таңқурай, бал және итмұрын тұнбалары мен қайнатпалары.