Азаматтарды тіркеу науқаны туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары

19 мен 27 қыркүйек аралығында Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Ойыл аудандарында «Әлеуметті медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облыстық филиалы мамандарының ұйымдастыруымен семинар отырыс өткізілді. Бұл шараларда, азаматтарды жергілікті алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелеріне тіркеу науқаны турасында әңгіме өрбіді. Жергілікті емхана дәрігерлері жиналыс барысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, аталмыш жүйеге қолдауларын білдіріп жатты.