«МӘМС» төлемдерін жүргізудің дұрыс жолдары

Қыркүйек айының 2-ші жұлдызында «ӘМСҚ» КЕАҚ Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен «МӘМС» төлемдерінің қайтарылымын азайту мақсатында семинар өткізілді. Аталмыш жиында екінші деңгейлік банкілер мен «Қазпошта» АҚ-ның өкілдері бас қосты. Сонымен қатар, семинар барысында жергілікті «Әлеуметтік төлемдерді ведомоствоаралық есептеу орталығы» КЕАҚ «Азаматтық үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен «Мемлекеттік табыс департаментінің» өкілдері, қатысушылармен қарастырылып жатқан мәселе бойынша мәліметтермен және төлем қабылдар кезінде қандай дүниелерге назар аудару керек екендігімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың 1-ші шілдесінен бастап Мемлекеттік корпорация жұмыс берушілерден, жеке кәсіпкерлерден келіп түскен жарналарды «ӘМСҚ» КЕАҚ –на аудара бастады. 2017 жылдың 30 маусым айында шыққан №478 бүйрығына сәйкес жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер төлемдерді мерзімге сай жүргізуде. Әйткенмен, «көш жүре түзеледі» демекші жарналарды аудару барысында құжаттарды толтыру кезінде қателер жіберілуде. Соның салдарынан Мемлекеттік корпорация дұрыс толтырылмаған төлемдерді қайтаруға мәжбүр.
Қандай дүниелерге назар аудару керек?
Жарнаны ай сайын немесе әр ай үшін аванс түрінде төлем тапсырмасы арқылы төлеуге болады.
Жұмыс берушілерге арналаған төлем коды:121
Жеке кәсіпкерлерге арналған төлем коды: 122
Төлем жасаушының аты-жөні мен ЖСН дұрыс көрсету
Жарна есептеу объектісі 15 ЕТЖ асып кетпеуі қажет
Кешіктірілген әр күн үшін 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы төленеді