«Жүрегіңізді сақтаңыз!»

2017 жылдың 26 қыркүйек күні Қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындары арасында Халықаралық қарттар күнін мерекелеу қарсаңында «Жүрегіңізді сақтаңыз!» атты акция ұйымдастырылды. Шара аясында кардиолог, терапевт, көз дәрігері, лор дәрігерлері кеңес жүргізіп, бойы мен салмағын, қандағы қант құрамын және артериалдық қан қысымын өлшеу секілді медициналық көме көрсетілді. Жүрек-қан тамыры ауруларының, артериалдық гипертонияның алдын алу бойынша ақпараттық оқу-ағарту материалдарын таратумен кеңес берілді. Барлығы 38 адам қамтылып, ұйымдастырушылар қарт адамдардан алғыс алды.