Екпеден бас тартқан тұрғындармен профилактикалық егулер бойынша семинар

22 қыркүйек күні Ақтөбе облысының әкімі Б.М. Сапарбаевпен бекітілген 2017 жылға арналған профилактикалық екпелерден бас тартып жүрген адамдардың санын азайту жоспарына сәйкес, Алға ауданы бойынша екпеден бас тартып отырған ата-аналармен Бестамақ орта мектебінің мәжіліс залында семинар өткізілді. Семинарға екпеден бас тартқан ата-аналармен қатар екпе туралы білгісі келетін басқа да ата-аналар, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, село әкімі, медицина қызметкерлері қатысты. Екпенің маңызы жөнінде М.Оспанов атындағы БҚМУ жұқпалы аурулар бөлімінің доценті, медицина ғылымының кандидаты Г.Д.Жұмағалиева және М.С.Құрманғазин қазіргі жүргізіліп жатқан екпе-вакцинация, не себепті ата-аналар екпеге қарсы, осы отырған ата-аналар кезінде бәрі де вакцинация алғандығы, егер екпе алмаса бала ағзасында қандай жұқпалы ауруларға қарсы иммунитеттің әлсіреп, ауру болуы мүмкіндігі, екпенің маңызы айтылып, түсіндірді. Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы инфекциялық және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы М.У.Мирманов, Ақтөбе облықтық «Нұр Ғасыр» ешітінің найб-имамы М.Т.Досаналиев ата-аналар жас кездерінде екпе алудың маңыздылғы жөнінде өз пікірлерін айтып өтті.
Ата-аналардың туындаған сұрақтарына жауаптар берілді. Ақпараттық оқу материалдары таратылды.