Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндемедициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру туралы хабарландыру

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде
медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру туралы
хабарландыру
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорын қалыптастыру (бұдан әрі – рәсім) туралы жариялайды.
Рәсімге қатысуға арналған өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалдарына ұсынады:
Ақтөбе облысы
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалында, мекенжайы бойынша: Ақтөбе қаласы, Тілеу Батыр көшесі, 9 Б үйі, №106- кабинет.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мынадай телефондар арқылы алуға болады: 8(702) 531 4265, 8 (747) 784-66-74.
Дерекқорға қосу үшін өтінім, өтінімге қосымша: денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін жүргізуге уәкілетті жауапты адамдар туралы мәліметтер қоса беріледі.