«Денсаулық жолы 2017» кең ауқымды акциясы туралы

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекетік бағдарламасын іске асыру мақсатында Қарғалы орталық аудандық ауруханасында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік маңызды аурулардың алдын-алу мәселелерінде ауыл тұрғындарына ақпараттық білім беру мен практикалық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылып отырған «Денсаулық жолы 2017» кең ауқымды акциясы өз бастауын алды.
Нысаналы топтар – халық, әсіресе ауылдық жерлердің жасөспірімдері мен жастары, барлық меншік түріндегі ұйымдардың жұмыс берушілері мен қызметкерлері.
Осы жылы өткізілетін «Денсаулық жолы - 2017» ақпараттық – коммуникациялық науқан назары салауатты өмір салтын насихаттау мен инфекциялық емес аурулардың алдын - алудағы қауіп – қатер факторларының алдын-алуға аударылады. Науқан терапевттік, кардиологиялық, эндокринологиялық, онкологиялық, гинекологиялық, аллергологиялық қызмет және салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі мамандарын тарту арқылы шалғай ауылдық елді мекендерге мобильді медицина бригадаларының баруымен жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың 3 шілдесі күні «Денсаулық жолы - 2017» бағдарламасы шеңберіндегі көшпелі медициналық кешені Қосестек дәрігерлік амбулаториясында қызмет көрсетті. Тұрғындарға мамандандырылған медициналық көмекті Ақтөбе облыстық клиникалық – диагностикалық орталығының мамандарымен жүргізілді. Мамандардың қабылдауына Қосестек, Ақжайық, Велиховка және Сарбұлақ елді мекендерінің тұрғындары болды.
Көшпелі медициналық кешеннің көмегімен 376 ауыл тұрғыны тексеруден өтіп , 476 медициналық қызмет көрсетілді.