Медицина қызметкерлері күні.

2017 жылдың 16 маусымында медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай ұйымдастырылған салтанатты шара Батыс-2 ауданында жаңадан салынған «Денсаулық» саябағында өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және арнайы шақырылған қонақтар ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой,Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері,Бейбітшілік және рухани келісім жөніндегі Президент сыйлығының иегері,медицина ғылымының докторы Нина Қаюпова,Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли мен бауыр трансплантациясы бөлімнің клиникалық профессоры Кьюнг Чуль Юн қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған қонақтар саябақтың тілек кітабына өз қолтаңбаларын қалдырды. Салтанатты түрде саябақтың лентасы қиылды. Қонақтар саябақтың ішін аралап,спортпен шұғылданып жатқан жастармен кездесті.Тұрғындардың қан қысымын өлшеп және өзге де медициналық көмек көрсетіп жатқан мамандардың жұмысын көрді.Облыс әкімі бірқатар медицина қызметкеріне қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер әйел Аққағаз Досжанова атындағы сыйлықты тапсырды. Және бірқатар дәрігерлерді «Үздік медицина қізметкерлері», «Медициналық ұйымының үздік басшысы» секілді жеті номинация мен «Ерен еңбегі үшін», «Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» секілді бірнеше төсбелгімен марапаттады. Барлығына 500 мың теңге көлемінде сыйақы берілді. Сонымен қатар бес медицина өкіліне пәтер кілті табысталды. Шарада аудандар да елеусіз қалған жоқ. 12 аудан мен бір ауылдық емдеу мекемесі су жаңа жедел жәрдем көлігіне ие болды. Мерекелік шараның соңында арнайы шақыртылған «МузАРТ» тобы өнер көрсетті. Жергілікті өнерпаздар ән салып,би биледі.