Темекішегушіліктің алдын алу бойынша рейд

24 мамыр 2017 жылы Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орай Облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ішкі істер басқармасымен бірлескен түрде темекі шегушіліктің алдын алу, темекі бұйымдарын тұтынуды төмендетуге бағытталған заңнаманы түсіндіру, соның ішінде қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы заңды сақтау бойынша кешкі рейд өткізілді. Жастар жиналған демалыс орындарында және көше бойларында ақпараттық білім-беру материалдары таратылуымен түсіндірмелік жұмыстар өткізілді. Барлығы – 51 адам қамтылды.