Сау болған - өте жақсы!»

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Облыстық денсаулық сақтау басқармасы «Мұнайшы» стадионында «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрайымының және Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы - Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткерінің, 24 емдік алдын алу мекемелерінің медицина қызметкерлерінің қатысуымен медицина қызметкерлері күніне орайластырылған, медицина қызметкерлері спартакиадасының ашылуы ұйымдастырылды. Ерлер үшін 1000 м, ал әйелдер үшін 500 м. арақашықтықта жеңіл атлетикадан жарыс өткізілді. Сонымен қатар командалар арасында «Арқан тартыс» ұлттық ойыны ойнатылды.
Спартакиада шағын футболдан, волейболдан және теннистен өз жалғасын табуда.