12 мамыр - Халықаралық медбикелер күні

2017 жылдың 10 мамыр күні Достық Үйінде Облыстық Денсаулық Сақтау басқармасымен Халықаралық медбикелер күніне орайластырылған салтанатты іс – шара ұйымдастырылды. Шараға Ақтөбе қаласының әкімі, облыстық Маслихатының хатшысы, «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық Кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы, емдік – алдын алу мекемелерінің басшылары қатысты. Іс – шара барысында: видеофильм көрсету, концерттік бағдарлама, үздік қызметкерлерді, алғыс хаттармен, облыс әкімі атынан ЭКСПО – 2017 халықаралық кормесіне тегін жолдамалармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды