«Денсаулық эстафетасы»

2017 жылдың 29 сәуір күні Денсаулық эстафетасы аясында Ойыл ауданында салауатты өмір салтын ұстауды насихаттаумен, аудан әкімінің орынбасары, "Арасан-Ақтөбе" ЖШС-нің директоры, мектеп оқушылары және медициналық қызметкерлердің қатысуымен ақпараттық – профилактикалық «120/80» акциясы ұйымдастырылды. Бағдарламада: ертеңгілік дене жаттығулары жасатылып, флешмоб, спорттық билер, артериялдық қан қысымын, қандағы қант деңгейін өлшеумен «Денсаулық қалашығы» ұйымдастырылып, ақпараттық оқу ағарту материалдары таратылды.