Иммундауды алдын алу бойынша ұйымдастырушылық мәселелері

2017 жылдың 18 сәуір күні қоғамның денсаулығын қорғау департаментінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, ішкі саясат басқармасының, М.Оспанов атындағы БҚММУ, «Арасан Ақтөбе» ЖШС –нің мамандарының, «Ақбұлақ» АҚ, «Трансэнерго» және «Қазақтелеком» экономикалық субъектілерінің қатысуымен профилактикалық егуден бас тартатын тұрғындардың санын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жиналыс өтті, және де иммундау апталығының жоспары талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындардың емханаға тіркелуі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебесін анықтау туралы мәселелер талқыланды. 12 адам қатысып, ақпараттық оқу ағарту материальдары таратылды.