Барлығы білу керек!

2017 жылдың 11 сәуір күні Денсаулық Сақтау басқарамасы, Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Департаменті және «Арасан Ақтөбе» ЖШС – і «Емханаға тіркел де – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта» (5 сәуірден 30 маусымға дейін) атты кампаниясын өткізу аясында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының конференц – залында, кәсіпкерлермен, 12 ауданның «Атамекен» филиалының басшыларымен кездесу ұйымдастырды. Барлығы 73 адам қатысып, 2 тілде ақпараттық оқу ағарту бүктемелері таратылды. Кездесу барысында жүйе бойынша емханаға тіркелу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қағидалары, жеңілдікке жататын азаматтар дәрежелері, сақтандыру жарнасы, жарнаның көлемі туралы сұрақтар талқыланды. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.